Дженсен Росс Эклс (; 1 наурыз 1978, Даллас, Техас) — америкалық актёр және режисёр, әнші. «Өміріміздің күндері», «Түнек періште», «Смолвиль құпиялары» және «Табиғаттан тыс» сериалдарында басты рөлдер сомдаған.
Өмірбаяны Эклс 1978 жылғы 1 наурызда Даллас қаласында, Техас штаты Алан Роджер Эклс пен Донна Джоан Шеффер есімді актёрлерінің отбасында дүниеге келген. Есімі жиі кездеспейтін есім болсын деген ата-анасы оның атын Дженсен деп қойған. Дженсеннің ағасы Джошуа (1975 жылы туған) және қарындасы Маккензи (1985 жылы туған) бар.
Эклс 1990 жылы бастауыш сыныбын Ричардсондағы Дартмут мектебінде, содан кейін Аполло мектебіне ауысты да, 1993 жылы ол мектептен кетіп қалды, мектепті 1996 жылы Беркнерда бітірген. Дженсон Техастағы университетке физиотерапевт мамандығымен тапсырмақшы болған бірақ аяқ астынан актёр болуға шешім қабылдап Лос-Анджелесқа жол тартады.
Жеке өмірі Үш жыл бойғы көрісуден кейін 2009 жылғы қарашада Эклс пен америкалық актриса, фотомодель мен гимнаст Дэннил Харрис атастырылды. 2010 жылғы 15 маусымда Техас штаты, Далласта үйленеді.
Фильмографиясы Эклстың толық емес фильмографиясы:
Кино ЖылӨз атауыРөліЕскерту2004The Plight of ClownanaДженсенҚысқа метражды фильм2005DevourДжейк Грей2007Ten Inch HeroБоаз Пристли2009My Bloody Valentine 3DТом Ханнигер2010Batman: Under the Red HoodРобин/Джейсон Тодд/Қызыл күләпараАнимациялық фильм, дыбыстама рөл
Телевизия ЖылӨз атауыРөліЕскерту1996WishboneМайкл Дасс1.34-эпизод: «Viva Wishbone!»1996Sweet Valley HighБрэд3.17-эпизод: All Along in the Water Tower1996–1997Mr. RhodesМалкольм7 эпизод1997CybillДэвид3.22-эпизод: Той1998–2002Days of Our LivesЭрик БрейдиЭмми, т.б.2001BlondeЭдди ДжиМэрлин Монро жайлы телевизиялық фильм2001–2002Dark AngelАлек Макдоуэл/X5-494/X5-493/БенБасты рөл; 22 эпизод2002–2003Dawson's CreekСи Джей12 эпизод2003–2004Still LifeМакс6 эпизод2004–2005SmallvilleДжейсон Тиг4 маусым, 22 эпизод, басты рөл2005–2014SupernaturalДин Винчестер
Видео ойындар ЖылӨз атауыРөліЕскерту2010TRON: EvolutionГибсон2011The 3rd BirthdayКайл Медиган
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Jensen Ackles TV.com сайтында