Қурайлы – Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік-батыс сілемі, Темірлік тауларының бір бөлігі.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Тұйық ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2862 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында. Солтүстігінен Темірлік, оңтүстік беткейлерінен Кеген өзендерінің салалары бастау алады.
Геологиясы Беткейі тік жарқабақты, өзен, жыралармен тілімделген. Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тау етегінде таудың орманды-дала, таулы-орман топырағында Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқанды орман белдеуі орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары