Қонайкөл — Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қостанай ауданы Қоскөл ауылынан батыста 5 км жерде, теңіз деңгейінен 188 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км², ұзындығы мен ені 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 8,1 км. Дөңгелек пішінді көлдің жағалауы жазық. Шығыс пен солтүстік жағалауы маңында сор жерлер кездеседі.

Гидрологиясы Суы қараша айының 3-онкүндігінде қатып, сәуір айының 2-онкүндігінде ериді. Негізінен қар, жер асты суларымен толысады. Суы сәл кермек татиды. Мал ішуге жарамды. Алабы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қостанай ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы