thumb|right|200px| Азайту — негізгі төрт арифметикалық амалдардыӊ бірі, қосу амалына кері амал сандардыӊ айырымын анықтайды, «−» таӊбасымен белгіленеді. Екі қосылғыштың берілген қосындысы мен осы қосылғыштың біреуі бойынша екінші қосылғышты анықтауға арналған. Берілген қосынды азайғыш, берілген қосылғыш азайтқыш, ал амал нәтижесі айырым деп аталады.

Берілген a санның (яғни азайғышты) b санға (яғни азайтқышқа) азайту нәтижесінде x саны (яғни екі санныӊ айырымы) пайда болады. Азайту амалы орындалған өрнек былайша жазылады: x = a — b, a — азайғыш, b — азайтқыш, x — екі санныӊ айырымы.

Азайту амалының нәтижесі: x — екі санныӊ айырымы деп аталады. Азайту амалына барлық сан аймағында (облысында) шектеу жоқ, бір мәнді орындалады.

Азайту амалын теріс сандары бар қосу амалыныӊ бір түрі деп есептесек болады. Мысалы, 5-2=3 амалды 5 және -2 қосындысы десек болады, яғни 5-2 өренгі 5+(-2) өрнегіне тепетеӊ .

Қосу амалын «—» ("минус") таңбасымен белгілеуді 1489 жылы чех математигі Ян Видман ұсынған."Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-XPlanetMath, Subtraction

Дереккөздер

Санат:Бастауыш математика Санат:Арифметика