Жұмағалиева Фатиха – медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1972). Ташкент медицина институтын (1940) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Физиол. институтында кіші, аға ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1951–83) болған. Негізгі ғылыми еңбектері фармакология мәселелерін зерттеуге арналған. Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттарын, Бунге киікотының сұйық сығындысын, хош иісті алаботаны, т.б. күнделікті емдеу практикасына енгізген. Құрамында фламаноид, эфир майлары бар өсімдіктерге зерттеу жүргіген. 70-тен аса ғылыми мақаланың авторы. 1 авторлық куәлігі бар.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1916 жылы туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар