Поцелуевский Александр Петрович (26. 05. 1894, Витебск,— 06. 10. 1948, Ашхабад) — орыс кеңес түркологы, түрікмен тілін зерттеуші, Түрікмен КСР-інің еңбек сің. ғылым қайраткері (1943), профессор. 1918 ж. Лазаревтің шығыс тілдері институтын бітіріп, 1923 жылға дейін Мәскеудің археология институтының Витебскідегі бөлімінде ағылшын, француз тілдерінен сабақ берді. 1921 ж. Археология институттың командировкасы бойынша Ташкентке келіп, онда өзбек халқының көне мәдениетін, тұрмысын, сөйлеу тілін зерттеді. 1923 жылдан өмірінің ақырғы күндеріне дейін Түрікменстанда қызмет істеді. Кеңестік шығыс халықтарының тарихын, этнографиясы мен мәдениетін, тілін зерттеді. Александр — түрікмен филологиясы мен жаңа алфавиті жайындағы еңбектердің авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:1894 жылы туғандар Санат:1948 жылы қайтыс болғандар Санат:Елдер бойынша тілтанушылар Санат:Түрікменстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Беларустар