Гоа (, ) — Үндістанның батыс жағалауындағы аймақ. 1961 жылдан бастап Үндістан Республикасының одақтық жері. Гоа жерін мекендейтіндердің дені - маратхи тілінде сөйлейтін үндістандықтар. Админ орталығы Нова-Гоа (Панаджи) қаласы. Табиғи қазба байлықтары - темір және марганец кендері. Халқы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Тарихы 16 ғасырдың басына дейін Гоа әр түрлі Үнді мемлекеттердің құрамына енді. 1510 жылы португалиялық теңізші Албукерки Гаоны жаулап алды. Гао қаласы Португалияның шығыстағы барлық иеліктерінің орталығына айналды. 1953-1955 жылдары Гаоны португал отаршыларынан азат етуді көздеген қозғалыс үдей түсті. Португалия үкіметі Гаоны Үндістанға бейбіт келіс сөздер арқылы қосудан бастартқаннан соң, Үндістан әскерлері өз үкіметінің бұйрығы бойынша гаоға басып кірді (18.12.1961). Отаршылдар әскері көп ұзамай-ақ тізі бүкті. Гао сол кезде Үндістан құрамына біржолата енген болатын. Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 томГоадағы Үндістанның Мемлекеттік Туы 250px|left|Гаоның Португалия құрамында болған кезіндегі елтаңбасы Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Гоа · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.