Жасанды элементтер — ядролық реакциялар нәтижесінде алынатын химиялық элементтер. Жасанды элементтер (технеций, прометий, астат, трансуран элементтері) табиғатта кездеспейді, оларды жасанды жолмен алады. Мысалы, молибденді дейтронмен атқылағанда технеций, актинийдің ыдырауынан франций, висмутты альфа-бөлшектермен атқылағанда астат алынды. Жасанды элементтердің изотоптары радиоактивті болғандықтан, оларды радиоактивті элементтер деп те атайды. Кейбір жасанды элементтер (уран, плутоний) ядролық реакторда қолданылады. Сілтеме Қазақ энциклопедиясы

Санат: Химия