Қарасу – Қойбағар көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 48 км, су жиналатын алабы 1390 км², жылдық су ағымы 14 млн. м³.

Бастауы Бастауын Торғай үстіртінің батысындағы жонды-белесті келген жерден (Қойбағар және Айдарлы ауылдары маңынан) алып, Восток ауылы тұсында Қойбағар көліне құяды.

Гидрологиясы Сол жағалауы түйетайлы, жонды-белесті келген, оң жағалауы жайпақ. Суының минералдылығы 0,2-0,6 г/л³. Өзен арнасымен 1,5 ай су ағады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады.

Өсімдігі Кей жерлерінде шілік, қамыс, сағасына таяу жерде терек шоғырлары кездеседі. Жағалауы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы өзендері