Қонысбай — Сыпсыңағаш қолатының солтүстік-батысындағы тұйық көл. Тобыл өзені алабында.

Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан.

Сипаты Теңіз деңгейінен 260 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,2 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,6 км. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Солтүстік-шығысында Білісқопа көлі, оңтүстігінде Қоңыртөбе тауы бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы