Құсты – Зайсан алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 44 км, су жиналатын алабы 137 км2.
Бастауы Бастауын Маңырақ жотасының солтүстік беткейінен алып, Тұғыл кентінің тұсында Зайсан көліне құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы бөлігінде өзен арнасы тар әрі тік жарлы болып келеді. 10 км-ге жететін 20-ға жуық саласы бар. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Суы мал суаруға, алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы