Қызылағаш – Қаратал алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданының жерімен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 117 км, су жиналатын алабы 2430 км², жалпы ұзындығы 190 км болатын 140 саласы бар және алабында шағын 8 көл орналасқан. Ірі салалары: Мұзбұлақ, Біртоған, Қапал, Ақтұма, Шыңбұлақ. Сондай-ақ Қызылағаш бөгенінен төменде Егінсу, Ақешкі және Құрөзек тарамдарына ажыратылады.

Бастауы Бастауын Жетісу Алатауының батыс сілемі Қаратау тауларынан алып, Молалы темір жол стансасының солтүстік-батысында 25 км жерде Үшкөл 1 көліне құяды.

Жер бедері Жоғарғы арнасы тар, тау шатқалымен ағады, Күреңбел (Қорымбел) қонысы аумағында арнасы біршама кеңейеді, жағалауы жарқабақты келген. Орта ағысы жонды-белесті, сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Мұндағы жағалауы жарлауытты. Қызылағаш бөгенінен төменде арнасы кеңейеді, алабы жазық жермен өтеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қызылағаш ауылы тұсында 2,16 м³/с. Суы егістікке пайдаланылады, жайылмасы шабындық және жоғарғы алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы