Қызылүй - Сыпсыңағаш қолаты алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы Жайылма ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 221 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,1 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 9,8 км.

Сипаты Күрделі пішінді көл жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Алабы игерілген, шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, сәуір айының ортасында ериді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:« Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданы көлдері