Людвик Панчакевич (, 1873 жыл 29 шілде — 1935 жыл 4 шілде, Варшава, Польша) - поляк архитекторы және құрылысшысы.

Санкт-Петербургте білім алған. 1898 жылы Варшава қаласында тарихи, кейіннен модернизм стилінде жұмыс жасайды. Варшавадағы әулие Михаил мен Флорианаға арналған католиктік шіркеудің (1898-1902), Ерік ауданында әулие Станиславқа арналған шіркеудің жобасын Юзеф Пиус Дзеконьскиймен құрады. 1912 жылы Ташкент қаласында "Иисустың құдіретті жүрегі" деп аталатын шіркеудің жобасын жасайды.

1899-1901 жылдары архитертор Стефан Шиллердің идеясына сүйеніп, Бейбітшілік құжыралары деген атаумен белгілі екі сауда қатарының жобалайды. 1911-1912 жылдары Варшавадағы Маршалковский көшесіндегі № 6 көп пәтерлі үйдің құрылысына жоба құрастырады. Бұл үй кейін Панчакевич үйі деп аталып кетеді. Ғимараттың алдыңғы жағы варшавалық скульптор Феликс Геневичтің нақышымен, ою - өрнектерімен жапсырылып, безендірілген.Encyklopediа Warszawy, 1994

Дереккөздер

Санат:Польша тұлғалары Санат:1873 жылы туғандар Санат:1935 жылы қайтыс болғандар