Майкөл — Ертіс-Қарағанды каналының сол жағалаулық аңғарындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 298 м биіктікте жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км.

Сипаты Жағалауы ашық әрі жазық. Батысынан шағын Елемес өзені құяды. Солтүстігі мен шығысында әйгілі Богатырь көмір кен қимасы, Екібастұз-ІІІ ГРЭС-і орналасқан. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Жағалауы шабындық, алабы - жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Екібастұз көлдері Санат:Ертіс су алабы