Майдантал жотасы – Талас Алатауы жотасының оңтүстік сілемі.

Географиялық орны Піскем және Өгем жоталары аралығында Қазақстан және Өзбекстан шекарасы бойында орналасқан. Түркістан облысы Төле би ауданының шығысын бойлай солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-ге созылып жатыр, енді жері 14 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 4133 м. Қазақстанға қарайтын батыс беткейінен өзімен аттас өзен өтеді.

Геологиялық құрылымы Геологиялық тұрғысынан Майдантал жотасы прекембрий мен палеозойдың шөгінді, метаморфтық және жанартаутектік жыныстарынан (тақтатас, әктас, құмтас, мәрмәр, гнейс, гранит) түзілген.

Сипаты Тау бастары тік сүйір келген, беткейлері тік құлама, құзды шатқалдардан тұрады. Жотаның орталық бөлігінде мұздықтар шоғыры (аумағы 6 км2-ге жуық) кездеседі. Талас Алатауы жотасымен түйісетін жерінде абсолюттік биіктігі 3524 м болатын өзімен аттас асу орналасқан. Жотаның солтүстік беткейінде Күркіреусудың саласы Майдантал өзені бойымен жүретін соқпақ жел Сайдантал арқылы оңтүстік беткейдегі Піскем жотасының бастауынан алады. Одан салт атты адам маусым-қыркүйек айлары аралығында өте алады.

Өсімдігі Жотада биікітік белдеулік анық байқалады. Майдантал өзені бойында жаңғақ, долана, т.б. жеміс ағашынан тұратын тоғай қалыптасқан. Одан жоғарыда терек, қайың, арша аралас тобылғы, т.б. өскен. Жоғарғы беткейінде альпілік және субальпілік шалғын қалыптасқан.

Пайдалы қазбасы Тау шатқалында және Майдантал және Піскем өзендері аңғарында тау хрустальдарының шашыранда кен білінімдері бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Төле би ауданы таулары Санат:Өзбекстан таулары