Сюрикэн қаруы — ( "қолға жасырынған ұстара" деген мағынаны білдіреді) - жасырын тағуға арналған жапондық лақтыратын қару. Қызықты деректер "Сюрикэн" жұлдызша, ине, шеге, тиын, т.б. түрінде жасалған жүзі бар, көлемі шағын қару. Ежелгі Жапонияда тыйым салынбағандықтан "Сюрикэнді" белдіктің астына тағып жүретін болған. Ниндзюцулар іс жүзінде "Сюрикэнді" 8-10 данамен ұстап жүретін. Оны мақта-мата кездемесіне орап, киімнің қалтасына салып қоятын. Кейде оларды шашқа арналған түйреуіш тәрізді етіп тағып алатын. Жапон жауынгері үшін "Сюрикэн" екінші есептегі қару болатын. Оны катана қылышына немесе яри найзасына қосымша ретінде ұстайтын. Бірақ, ұрыста көбіне сюрикэнді пайдалану арқылы қарсыласынан басым түсетін. "Сюрикэн-дзюцу" деп аталатын қаруды игеру өнері екінші қатардағы машық ретінде Ягю Рю, Катори Синто Рю, Итто Рю, Кукисин Рю, Тогакурэ Рю сияқты, т.б. көптеген әйгілі мектептерде оқытылды. "Сюрикэннің" сыртқы түріне қарап жапондардың мистикалық құбылыстарға әуестігін байқауға болады. Батыс Еуропа халқы "Сюрикэнді" көбіне лақтыратын жұлдыз деп атайды. Заманауи "Сюрикэндер" құрыштан соғылады.Қару-жарақтар. - Алматы: "Аруна" баспасы. - 208 бет. - Сер.: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-590-7
Дереккөздер
Санат:Жапон қару-жарақтары