Мұнайшылар қалашығы, Жилгородок () — Атырау қаласындағы сәулет өнерінің ескерткіші. Сәулетшілер А. Арафьев және С. Васильковскийдің жобасы бойынша 1943 жылы басталып, 1948 ж. кұрылыс пайдалануға берілген. Ол Атырау каласының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Жайық өзенінің көптеген иіндерінің біріне орналасқан. Тұрған жері түбекке ұқсас, ал оның орталық өзегінде Мұнайшылар мәдениет үйі салынған. 300px|нобай|оңға|Жилгородоктағы үй Қалашықтың құрылысына көптеген ортаазиялық сәулет өрнектері үйлесімді пайдаланылған. Бірімен-бірі кезектесіп салынған бір, екі қабатты үйлердің әрқайсысы сәулет енерінің сирек кездесетін сұлулык өрнегі сияқты. Қалашықтың батыс жағынан қоршаған қалың ағаш, жасыл желекке бөленген бақ қатты жел, ыстық аңызақ, құм топыракқа корған бола отырып, шығыс жағынан Атырау қаласының шекарасымен шектеледі. Қалашықтың орталығындағы су бассейні, гүлзарлар, айнала орналасқан асхана, дүкен, дәріхана т.б. әлеуметтік орындар бір-бірімен әсем үйлесімдік тапқан.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
Мұнайшылар қалашығының суреттері
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жилгородок в лицах
Санат:Атырау Санат:Қазақстанның республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері