Кекіребалық () - сүйекті балықтар классының тұқылар тұқымдасына жататын балық.
Таралуы Еуропа, Шығыс Азия (Солтүстік Қытай, Корея, Амур, Сахалин өзендрінде) кең таралған. Кекіребалық көбінесе ағысы баяу өзенде не көл, тоғанда тіршілік етеді.
Биологиялық сипаттамасы Денесі биік, бүйірі қабысыңқы, тұрқы 9-сантиметрдей. Қабыршағы 30-40 қатар.
Жыныстық жағынан 2-ші жылы жетіледі. Наурыз - тамызда 100 (кейде 224-290) уылдырық шашады. Бұл кезде кекіребалықтың ұрғашысында уылдырық салу түтігі өсіп шығады. Осы түтігі арқылы ол уылдырығын қос жақтаулы моллюскілердің желбезек қуысына салады. Кәсіптік маңызы онша болмағанымен басқа былқтарға жем болады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев
Галерея
Дереккөздер
Санат:Тұқылар