Квентин Джером Тарантино (; 27 наурыз 1963 жыл, Ноксвилл, Теннесси) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинооператор, актер және кинопродюсер. Кинодағы постмодернизмнің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Тарантино 1994 жылы «Қойыртпақ шығарма» (Pulp Fiction) фильмі арқылы әлемге әйгілі болды. «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағы» (1994), «Оскар» (1995, 2013), «Алтын глобус» (1995, 2013), «BAFTA» (1995, 2013) және тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. «The Guardian» журналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17-орынға қойды.

Жастық шағы Квентин 1963 жылғы 27 наурызда Теннесси штатының Ноксвилл қаласында дүниеге келді. Әкесі италоамерикалық актер және музыкант Тони Тарантино, анасы Конни Макхью Ирландиялық және Чероки халқының қаны бар медбике болған. Ол анасының қолында тәрбиеленді, өйткені ата-анасы ол туғаннан бұрын ажырасқан. Кейін Квентин әкесін табу үшін ешқандай әрекет жасамаған.

Квентин екі жаста болғанда анасымен бірге Лос Анжелестың оңтүстігіндегі Торранс қаласына көшті. Лос Анжелесте оның бүкіл балалық шағы өтті. Анасы жергілікті музыкант Курт Заступилге тұрмысқа шықты. Курт Квентинді ол екі жарым жасында болғанда асырап алып өз ата-тегін берді. Бірақ кейін актер болуға шешім қабылдаған Квентин сахна үшін біршама қолайлы Тарантино ата-тегіне оралды. Квентин сегіз жаста болғанда Курт және Конни ажырасқан.

Квентин түрлі сериалдар мен телешоуларды қарап, теледидардың алдында көп уақыт өткізген. «Эббот және Костелло Франкенштейнді кездестіреді» (Abbot and Costello meet Frankenstein) оның бала кезіндегі ең сүйікті фильмі болды. 15 жасында Квентин анасының үнсіз келісімімен мектепті тастайды. Бірақ Квентин анасына жұмысқа орналасу туралы уәде береді. Тарантино Торранстегі кинотеатрлардың бірінде билетёр ретінде бірінші жұмысын табады. Кеш уақыттарында ол Джеймс Бесттың актерлік шеберлік курстарына барады. 1981 жылдың қаңтар айында Джеймс Бест орталығында Квентин сценарист Крейг Хейменнмен кездеседі, кейін олар жақын дос әрі әріптес болады.

22 жаста Квентин «Видео мұрағат» бейнепрокатына жұмысқа орналасады. Бейнепрокатта ол Роджер Эверимен кездеседі. Олар күні бойы фильмдер туралы талқылайтын және клиенттеріне ұсынатын. Квентин «Видео мұрағаттағы» өз жұмысын режиссер болуынан бұрын әлемдегі ең үздік жұмыс деп атайды. Ол адамдарға қандай фильмдер ұнайтындығына назар аударып осы тәжірибені өзінің келешек режиссерлік жұмысына пайдаланды.

Мансабы Мансабының басталуы Голливудтық сауық кештердің бірінде Квентин продюсер Лоуренс Бендермен кездеседі. Бендер оны сценарий жазу бастауға көндірген. 1985 жылы Тарантино «Капитан Пичфуз және анчоустық бандит» деп аталатын алғашқы сценарийін жазды, алайда жүзеге асырылмады.

Тарантино әр түрлі киностудияларға өзінің алғашқы туындыларын ұсынып көп қиын жылдар өткізді. Ол өз туындыларын өзі түсірмек болған, бірақ талпыныстары сәтсіздікпен аяқталды. Көп ұзамай Тарантино және досы Роджер Эвери «Менің ең жақын досымның туған күні» атты әуесқой фильмді түсіруге кірісті. Фильмнің соңғы отыз минуты монтаж кезінде зертханада шыққан өрт салдарынан жойылып кетті. Фильм аяқталмай қалғанымен сценарийі «Шынайы махаббат» фильмі үшін негіз болды. Осыдан кейін ол «Алтын қыздар» (The Golden Girls) телехикаясының бірінші және үшінші маусымында Элвис Пресли егізі рөлін сомдады.

Тарантиноның «Қоймалық иттер» атты алғашқы толық фильмнің сценарийі үш аптада жазылған. Квентин бұл фильмді минималды қаражатпен тіпті 16 мм камерамен ақ-қара таспаға түсіруге дайын болды. Бірақ атақты актер Харви Кейтель сценарийге қызығушылық танытқаннан кейін фильмнің бюджеті айтарлықтай өсті, өйткені жоба Live Entertainment компаниясынан қаржылық қолдауын алды. «Қоймалық иттер» көптеген көрсетілімдерінде кейбір көрермендер полиция қызметкеріне құлағын кесу көрінісіне шыдамай фильмнің ортасында кинотеатрдан шығып кетті. Бірақ жалпы алғанда, фильм жақсы кассалық жинақ алып сыншылар тарапынан жақсы бағаланған. Фильм Сандэнс кинофестивалінде көрсетіліп, тәуелсіз американдық кино тарихындағы үлкен маңыздыққа ие болды.

Көп ұзамай Тарантино сценарийімен түсірілген Тони Скоттың «Шынайы махаббат» және Оливер Стоунның «Өлтіру үшін жаралғандар» екі фильмі шықты. Стоун Тарантино сценарийіне елеулі өзгерістер енгізді. Сондықтан Квентин титрдан оның атын алып тастауын сұрады, бірақ ақыр соңында «Квентин Тарантино әңгімесі бойынша» тұжырымына келісті. Айтпақшы, осы екі сценарийді Тарантино «Қоймалық иттерден» бұрын сатқан (тапқан ақшаны фильм түсіру үшін жұмсаған) өйткені осы фильмдерді өзі түсіруге инвестор таппаған.

Қойыртпақ шығарма thumb|200px|Әйгілі би сценасы: Винсент Вега (Джон Траволта) және Миа Уоллес (Ума Турман) твист билеп жатыр Тарантино 1994 жылы «Қойыртпақ шығарма» (Pulp Fiction) фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. Фильм бірнеше беделді марапаттар жеңіп, көптеген жанкүйерлерге ие болды. «Қойыртпақ шығарма» фильмінде Тарантиноның оригиналды стилі қалыптасты. Көріністерді хронологиялық тәртіппен емес көрсету, фильмді «тарауларға» бөлу, танымал «Тарантинолық» диалогтары (кейіпкерлері оқшуланған тақырыптарды ұзақ уақыт бойы талқылай алады, мысалы Мадоннаның «Like a Virgin» әнінің шынайы мағынасы немесе француз гамбургерлерінің атаулары) мен Тарантино көріп өскен ескі және Б-категориялық фильмдерге сілтеулер, оның негізгі ерекшеліктері.

Фильм көптеген актерлер мансабына үлкен әсер етті. Тарантино Марлен Дитрихпен салыстырған және «менің Клинт Иствудым» деп атаған Ума Турман және Сэмюэл Лерой Джексон голливудтың жетекші актерлер санатына кірді, ал Джон Траволта 1980 жылдардағы сәтсіздіктерден кейін онда оралды. Үшеуі де Оскар сыйлығына ұсынылды.

Барлығы фильм Оскар сыйлығына жеті номинация (оның ішінде үздік фильм) алған. Ең үздік сценарий номинациясында фильм Оскар сыйлығы, Алтын глобус, BAFTA және Канн кинофестивалінің Алтын пальма бұтағын жеңіп алды. «Қойыртпақ шығарма» IMDb сайтындағы ең үздік 250 фильмнің тізімінде үнемі бірінші ондығына кіреді.250 лучших фильмов всех времён по версии сайта IMDb Ал 2013 жылы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер реестріне енгізілді.

Роберт Родригеспен кездесуі thumb|left|200px|Роберт Родригес пен Тарантино, 2007 жыл Тарантино Роберт Родригеспен Торонто кинофестивалінде кездесті. Торонто кинофестивалінде Тарантино «Қоймалық иттер» фильмін, ал Родригес болса өзінің «Эль Мариачи» (El Mariachi) киносын көрсеткен. Екі режиссер тез арада тіл табысып араларында ортақ көп нәрсе бар екенін түсінді және ынтымақтасуға шешім қабылдады. Кейіннен олар жақын достар болады.

Олардың алғашқы бірлескен жобасы «Төрт бөлме» (Four Rooms) атты фильм болды. Бұл фильм төрт режиссер түсірген (Эллисон Андерс, Александр Рокуэлл, Родригес және Тарантино) төрт бөліктен тұрады. Фильмнің оқиғалары бір мейманханамен және бір кейіпкермен біріктірілген (Тим Рот ойнаған - портье Тед). Тарантино небәрі екі күн ішінде түсірген эпизоды Роалд Далдің «Оңтүстіктен келген адам» әңгімесіне негізделген. Сыншылар мен көрермендер фильмді салқын қабылдады, алайда төрт бөліктің ішінде Тарантиноның эпизоды ең жақсы бағаланды.

1995 жылы Тарантино Родригестың «Эль Мариачи» жалғасы «Үмітсіз» (Desperado) фильмінде эпизодикалық рөлін ойнады. Сол жылы Квентин «Дестини радионы қосады» (Destiny Turns On The Radio) комедиясында рөл ойнайды және «Жедел жәрдем» (Emergency Room) телехикаясының бір эпизодын түсіріп, Тони Скотттың «Қызыл күрең толқын» (Crimson tide) фильмінің диалогтарын жазуына үлес қосып үлгерді.

1996 жылы «Күн батқаннан таң атқанша дейін» атты фильм шықты. Бастапқыда Тарантино бұл фильмді өзі қоюға және жетекші рөлін ойнауы жоспары болған. Бірақ кейін Родригеске режиссер болуға жол беріп, өзі сценарийді және өзінің рөлін жетіктіруге көңіл бөлді. Фильм тез арада әйгілі болды, ал Тарантино өзінің актер ретінде ең маңызды рөлдердің бірі — параноидалды психопат Ричи Гекконың рөлін сомдады. Осыдан кейін Квентин Спайк Линің «Қыз № 6» (Girl 6) фильмінің эпизодында ойнады.

Джеки Браун Тарантиноның үшінші фильмі Элмор Леонардтың «Ром пуншы» атты оның сүйікті романы бойынша түсірілген «Джеки Браун» болды. Фильмнің басты рөлін blaxploitation жанрының 1970 жылдардың жұлдызы Пэм Гриер ойнады. «Джеки Браун» алдыңғы екі фильмдерге қарағанда сәл кем табыстарға жетті. Бірақ сонда да, фильмде екінші дәрежелі рөлін ойнаған Роберт Форстер Оскар сыйлығына ұсынылды, ал Сэмюэл Лерой Джексон Берлин кинофестивалінде ең үздік ер адам рөлі үшін берілетін «Күміс аю» жүлдесін жеңді.

Осыдан кейін Тарантино алты жылға режиссерлік жұмысынан сырт қалды. Осы уақыт бойы ол «Күн батқаннан таң атқанша дейін» фильмнің сиквелдерінің продюсері болып, кино мен теледидарда кіші рөлдер ойнайды. Мысалы, «Кішкентай Ники» (Little Nicky) комедиясында есі ауысқан соқыр ақырзаман уағыздаушы және «Лақап ат» (Alias) телехикаясында Маккенас Коул рөлі.

Биллды өлтіру thumb|200px|Тарантино мен Ума Турман, 2014 жыл Тарантино 2003 жылы «Биллды өлтіру. Бөлім 1» фильмімен үлкен экранға оралды. «Биллды өлтіру» екі бөлімнен тұратын криминалды, шығыс жекпе-жек стиліндегі түсірілген фильм. Бірінші бөлігі — «Биллды өлтіру. Бөлім 1» 2003 жылы күздігүні, ал екіншісі — «Биллды өлтіру. Бөлім 2» 2004 жылы көктемде шықты. Фильмнің Беатрикс Киддо (Қара Мамба) атты басты кейіпкерін Тарантиноның шабыты Ума Турман сомдады. Фильмде Тарантино Уся жанры (шығыс жекпе-жек мол көрсетумен ерекшеленетін қытайлық фэнтези), «джалло» жанрындағы итальяндық триллер және спагетти-вестернге құмарлығының әсері көрініс тапты.

«Биллды өлтіру» Тарантиноның бұрын шыққан фильмдері сияқты хронологиялық тәртіппен емес көрсетілген, және қанды көріністері үшін (әсіресе бірінші бөлім) кейбір көрермендер мен сыншылар тарапынан айыпталды. «Биллды өлтіру» екі бөлімі де ең үздік экшн немесе қызық оқиғалы фильм номинациясында Сатурн марапатын жеңді.

Кейін Тарантино «CSI: Қылмыс жеріндегі тергеу» (CSI: Crime Scene Investigation) сериалдың бесінші маусымының екі бөліктен тұратын «Үлкен қауіп» (Grave Danger) атты соңғы эпизодын түсірді. Бұл эпизодта Ник Стоукс, «Биллды өлтіру» басты кейіпкері Беатрикс Киддо сияқты, тірідей жерге көмілгені жағдайы суреттелді. Бұл екі сериялы эпизод 2005 жылы DVD-де шықты. Осы еңбегі үшін, Тарантино ең үздік драмалық телехикая режиссері номинациясында «Эмми» марапатына ұсынылды.

Грайндхаус thumb|left|200px|Грайндхаус постері 2005 жылы Роберт Родригестың нео-нуар стиліндегі түсірілген «Күнәлар қаласы» фильмі шықты. Квентин осы фильмде арнайы шақырылған режиссер ретінде Клайв Оуэн және Бенисио дель Торомен бір эпизодын түсірді.

Тарантино мен Родригестың келесі бірлескен жұмысы 2007 жылы шыққан «Грайндхаус» болатын. «Грайндхаус» Тарантиноның «Өлімнен қорғалған» (Death Proof), Родригестың «Қорқыныш планетасы» (Planet Terror) фильмдерінен және түсірілмеген фильмдердің трейлерлерінен тұрады. Бірнеше жылдан кейін Родригес «Мачете» трейлерін толық метражды фильмге дейін кеңейткен.

Грайндхаус — бұл Б-категориялы фильмдерді көрсетумен мамандандырылған кинотеатр. Сондай кинотеатрлар АҚШ-та 1970 жылдарда үлкен сұранысқа ие болды. Бұл уақыт эксплойтейшн жанрындағы фильмдердің есею дәуірі болатын. Эксплойтейшн жанры Тарантино мен Родригестің режиссерлік стилі қалыптастыруына үлкен әсер етті және екеуі де осы жанрдың үлкен табынушылары болып табылады.

«Өлімнен қорғалған» және «Қорқыныш планетасы» бір-бірінен тәуелсіз сюжетпен түсірілгеніне қарамастан, олар бірнеше ортақ кездерімен байланысқан және төмен бюджетті кино эстетикасын ұстануға тырысты.

67 миллион бюджеті бар «Грайндхаус», америкада кассалық жинақтары 25 миллионға дейін әзер жетті. Ондай сәтсіздіктен кейін фильм продюссерлері ағайынды Вайнштейндер «Грайндхаусты» бөліп, әр бөлігін жеке шығару туралы шешім қабылдады. Тарантино мен Родригес өз фильмдерін қайта құрастырып, екі сағаттық форматқа дейін кеңейткеннен кейін «Грайндхаус» европалық прокатта бөлініп көрсетілді.