Мартин Чарльз Скорсезе (; 17 қараша 1942 жыл, Нью-Йорк) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, актёр және кинопродюсер. «Жаңа Голливуд» дәуірінің ірі тұлғаларының бірі, ол кино тарихындағы ең ұлы және ең ықпалды режиссерлердің бірі болып саналады. Скорсезе көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде «Оскар», төрт BAFTA сыйлығы, үш «Эмми», «Грэмми» және үш «Алтын глобус» жүлдесі бар. Оның бес фильмі Конгресс кітапханасы тарапынан «мәдени, тарихи немесе эстетикалық тұрғыдан маңызды» деп танылып, АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі енгізілген.
Скорсезе 1968 жылы Нью-Йорк университетінің Стайнхардт атындағы мектебінде өнертану магистрі дәрежесін иеленді. Оның «Менің есігімді кім қағып тұр?» (1967) атты дебюттік фильмі Чикаго кинофестивалінің бағдарламасына енді. 1970-80 жылдары режиссер туындыларының тақырыптық арнасы оның итальян-америкалық тегі мен Нью-Йорктегі өскен ортасына қарай ойысты. Оның осы кезеңдегі фильмдері өзін «мықты» көрсетуге тырысатын ерлер бейнесіне шоғырланып, қылмыс, мачизм мен нигилизм мәселелерін, сондай-ақ католиктік күнә мен өтеу ұғымдарын терең зерделейді.
Баяулатылған түсірілім мен фриз-кадрларды жиі қолдану, кадр сыртындағы баяндау, зорлық-зомбылықты ашық бейнелеу және балағат сөздердің еркін қолданылуы сияқты Скорсезеге тән өзіндік мәнері алғаш рет «Зұлым көшелер» (1973) фильмінде айқын көрініс тапты.
Режиссердің ең елеулі туындыларының қатарына «Зұлым көшелер», «Такси жүргізушісі», «Құтырған бұқа», «Жақсы жігіттер», «Қорқыныш мүйісі», «Казино», «Нью-Йорк бандалары», «Жолдан тайғандар», «Қарғыс атқандар аралы», «Уолл-стрит қасқыры» және «Гүлді айын өлтіргендер» фильмдері жатады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Мартин Скорсезе Peoples.ru сайтында
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер) Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Эмми сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері Санат:Сесиль Б. Де Милль сыйлығының иегерлері Санат:Италия Республикасы алдындағы қызметі үшін ордені үлкен крестінің иегерлері Санат:Құрмет легионы орденінің офицерлері Санат:Аустриялық ханзада сыйлығының иегерлері