Абдылас Малдыбайұлы Малдыбаев – (1906 жыл 7 шілде, Қырғыз КСР, Кемин ауданы – 1971 жыл) – қырғыз кеңес композиторы, әнші (тенор), КСРО халық әртісі (1939). 1939 жылдан КОКП мүшесі.

Еңбек жолы 1929 жылы музыка-драмалық театр (қазіргі Қырғыздың опера және балет театры) труппасына қабылданды. 1947-50 жылдары Мәскеу консерваториясында Г.И.Литинскийдің және В.Г.Ференің класында оқыды. Ол В.А.Власов және В.Г.Феремен бірге «Ажал орнына» (1938), «Айжүрек» (1939), «Манас» (1939), «Тоқтағұл» (1958) атты тұңғыш музыкалық драмалар мен опералардың авторы. 1966 жылы Қырғыз КСР-і гимнінің авторы. Ол аталмыш туындыларда басты партияларды орындады. Малдыбаев қырғыз кеңес музыкасының негізін салушы өнер қайраткерлерінің бірі. 1939-67 жылдары Қырғызстан Композиторлар одағының төрағасы. 1-сайлаудағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 2,4-сайлаулардағы Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Марапаттары Ленин орденімен және басқа 4 орденмен марапатталған. Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясы. 1975

Дереккөздер

Санат:Сазгерлер Санат:Қырғызстан композиторлары

Санат:Қырғызстан актерлері Санат:КСРО актерлері Санат:Опера әншілері Санат:Қырғызстан опера әншілері Санат:Ленин орденінің иегерлері