Қызқаш, Қысқаш – Аралқұм құмының шығысындағы таулар.

Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы Көктерек ауылының солтүстігінде 8 км жерде, Лепсі өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 740 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-ге созылған, енді жері 10 км.

Жер бедері Тізбектелген ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Беткейлері сай-жыралармен қатты тілімделген. Солтүстік-батысында Баскерегетас, солтүстік-шығысында Өтентай таулары, солтүстігінде Белсексеуіл құмы, шығысында Жартұма, Қанжығабұлақ бұлақтары орналасқан.

Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр топырағында сұр жусан, баялыш аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы таулары