Қояндықопа – Тобыл өзенінің алабындағы көл. Сыпсыңағаш қолатының солтүстік бөлігінде.

Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылының шығысында 23 км жерде орналасқан.

Аумағы Теңіз деңгейінен 235 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,3 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,1 км. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады.

Жер бедері Жағалауы жазық, оңтүстік бөлігі батпақты, қамыс, құрақ өскен. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Батысында Досайқопа, шығысында Соркөл, оңтүстігінде Шұжық көлдері, солтүстігінде Томарлықопа батпағы жатыр. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы