Қоянды – Желдіадыр тауларының солтүтсік-шығыс бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының оңтүстік-батысында 48 км жерде орналасқан.
Жер бедері мен геологиясы Абсолюттік биіктігі 524 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеу, аз тілімделген. Солтүстігінде Жидебек, оңтүстігінде Қарабұжыр таулары бар.
Геологиялық құрылымы Етегі делювий, пролювий және аллювий шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, бұтасы аралас жусан, селеу, бетеге өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары