Құрөзек – Ақсу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу және Қаратал аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 41 км, шағын 4 саласы бар.

Бастауы Егінсу ауылынан жоғарыда Көлденең өзенінен бөлініп шығып, Үшкөл -1 (Сораяқкөл) көліне құяды.

Гидрологиясы Өзен арнасы құм төбелер арасымен өтеді. Орта және төменгі ағысында сол жағалаулық аңғары сортаң топырақты жазық. Төменгі ағысында Қоянды қонысы орналасқан. Арнасымен тек көктем айларында 10-15 күн су жүреді. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:« Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Қаратал ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы