Илья Лукич Ким (1912 жыл, Приморье өлкесінің Уссурий облысы Суйфун ауданы, Корсаковка селосы - қайтыс болған жылы белгісіз) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (1969), профессор (1969).

Ленинград қаржы-экономика институтын бітірді. (1937). 1937-1941 ж. Түркістан облысының Өнеркәсіп банкісінің кредит инспекторы, аға кредит иснпекторы, басқарушының орынбасары, 1941-1951 ж, Ақтөбе облысы Өнеркәсіп банкі басқарушысының орынбасары, басқарушысы, 1951-1952 ж. Қазақтың Республикалық Коммуналдық банкісінің басқарушысы, 1952 жылдан Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары, 1961 жылдан Қазақ КСР қаржы министрі. 1974 жылдан Алматы халық шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі. Оның ғылыми жұмысы қаржы мен мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын, дамуын және нығаюын, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруды зерттеуге арналған.

Кимнің бұл салада 40-тан астам ғылыми еңбектері бар.

Қазақстан Коммунистік партиясының 11-12 съездерінде Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болып сайланды, 6-8 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Ленин Ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев,424 бет

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ЧЕЛОВЕК-ЭПОХА. К 100-ЛЕТИЮ ИЛЬИ ЛУКИЧА КИМА

Санат:1912 жылы туғандар Санат:Суйфун ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Санкт-Петербург қаржы-экономика институты түлектері Санат:Қазақ КСР қаржы министрлері Санат:Жаңа экономикалық университеті оқытушылары Санат:Жаңа экономикалық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан КП ОК мүшелері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары