Вацлав Клаус () (19 маусым 1941 жылы, Прага) — Чехияның екінші президенті(2003-2013) . Бұрынғы премьер-министр, ең ықпалды чех саясаткерлердің бірі, МГУдің мәртебелі профессоры. Белгілі евроскептиктерден бірі болып табылады.
Өмірбаяны "Сыртқы сауда" саласында оқып, 1963 жылы экономиканың жоғарғы мектебін бітіреді. 1963 жылдан 1970 жылға дейін Чехословакия академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Еліндегі жүргізіліп жатқан саясат жайлы жаман ойда екенін көрсеткені үшін жұмыстан шығарылады. 1971—1988 жылдар аралығында Чехословакияның халық банкінде жұмыс жасайды. 1989 «Азаматтық форум» атты бұқаралық саяси қозғалыстың белсенді мүшесі атанады. Клаус Азаматтық бұқара партиясының негізін салып, 2002 жылға дейін оңың төрағасы болды. Ол қазіргі кезге дейін партияның мәртебелі төрағасы болып қалды. 1989 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың шілдесіне дейін Чех және Словакия Федерациялық Республиканың финанс министрі болып, Дүниежүзілік банк пен Еуро банкінің төрағасы болып жұмыс жасайды. 1991 жылы Чех Республикасының төрағасының орынбасары болады. 1992 жылы, ел Чехия және Словакия болып бөлінгеннен кейін, Чех Республикасын 1997 жылдың қарашасына дейін басқарды. 2003 жылдың 28 ақпанынан 2013 жылға дейін Чех Республикасының президенті болды.
Үйленген, екі баласы бар. Орыс және ағылшын тілінде жақсы сөйлей біледі.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Вацлав Клаус —Чехияның жаңа президенті
Санат:Чехия президенттері Санат:Чехия премьер-министрлері