Қызылтас – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысындағы төбе.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылының оңтүстік-батысында 16 км жерде, Бақанас өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 729 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 1 км.
Жер бедері Беткейі жонды-белесті келген адырлардан тұрады. Солтүстігінде Ақөгіз, батысында Үлкен Күйкентай таулары, шығысында Тасжарған төбесі, оңтүстігінде Жіңішкеөзек, оңтүстік-батысында Белеу қоныстары жатыр.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында көкпек, жусан, бұйырғын, боз, селеу, бетеге, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі. Алабы - жайылым. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары