Жайсаңбек Молдағалиев (14 сәуір 1935, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Жаңасу а. – 22 маусым 1986, Алматы) – жазушы.

ҚазМУ-ды бітірген (1959).

1959 – 85 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер

“Жұлдыз” журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі

“Жазушы” баспасында аға редактор

Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор

Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.

Шығармалары

“Жүрек қазынасы” атты алғашқы повесі 1962 ж. жарық көрді.

Ел-жер тарихын, замандастарының шынайы өмірін баяндаған

“Жаз ерке” (1965)

“Айналайын атыңнан” (1972)

“Самал” (1972)

“Ел суреттері” (1976), т.б. повесть, әңгімелер жинағы шықты.

“Екі дос” (1979)

“Торғай толғауы” (3 кітап) атты шығармаларында 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықтың өмірі, қайсарлығы суреттелген.

“Алғашқы қоңырау” (1978)

“Таза бұлақ” (1984) романдары Ы.Алтынсариннің өміріне арналған.

Л.Толстойдың, И.Буниннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. М. шығармалары бірнеше тілдерге аударылды.

Дереккөздер

Санат:14 сәуірде туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Сарыкөл ауданында туғандар Санат:22 маусымда қайтыс болғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары