Кіші Флойд Мeйуезер (; немесе Флойд Синклер, () 24 ақпан 1977 жыл, Грандс Рапидс, Мичиган, АҚШ) — Ринг журналының тұжырымы бойынша 2005, 2006, 2007, 2012, 2013 және 2014 жылдардағы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы. Бапкері — Роджер Мэйуэзер. Қазіргі уақыттағы салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшы.

2015 жылы Мэйуэзер Spike теледидар Best Ever сыйлығымен марапатталдыhttp://boxingsocialist.com/news/floyd-mayweather-wins-the-best-ever-award-on-spike-tv?context=tag-boxing http://www.complex.com/sports/2015/06/spike-tv-floyd-mayweather-the-best-ever-award.

Мэйуэзер WBC, WBA, және Ринг журналының тұжырымы бойынша жартылай орта салмағындағы чемпионы, және WBC Super, WBA және Ринг журналының тұжырымы бойынша кіші топтағы орта салмағындағы чемпионы болып табылады. Ол сондай-ақ pound for pound, Sports Illustrated, ESPN, BoxRec, Fox спорт, және Yahoo! спорт, сонымен қатар көптеген спорттық баспалар мен бокс сайттардың, әлемдегі ең үздік фунт үшін фунт боксшы ретінде бағаланады. Мэйуэзер әлемдегі ең жоғары бағаланатын спортшы ретінде 2014 жылыMayweather tops highest paid athletes list - Sport - NZ Herald News, сонымен қатар 2012 және 2013 жылдың 50 ең жоғары төленетін спортшылар, және Forbes тізімін және Sports Illustrated тізімдерін басқарды.

Жеке өмірі Мейуезер АҚШ, Мичиган штаты, Гранд-Рапидс қаласында дүниеге келген. Оның әкесінің есімі - Флойд Мейуезер, ол атақты Шугар Рэй Леонардпен айқасқан бұрынғы жартылай орта салмақ боксшысы. Оның ағалары Джефф Мейуезер мен Роджер Мейуезер де кәсіпқой боксшылар болған. Ағасы Роджермен, яғни, қазіргі бапкерімен бірге — екі әлем чемпионатын жеңген. Мейуезер дүниеге келгенде анасының тегіне жазылған, алайда кейіннен оның танымалдығын арттыру үшін тегін ауыстырған. Бокс Мейуезердың бала кезінен өмірінің ажырамас бөлігі болған, ол басқа мамандық түрлеріне ыждаһаттылық танытпаған. «Ең алғаш менің қабілетімді әжем байқаған. Мен жасырақ кезімде оған былай дедім: «Менің жақсы жұмыс табуым керек». Ол маған: «Жоқ, жай ғана бокспен шұғылдан» деді. Мен сегіз немесе тоғыз жасымда Нью-Джерсида анаммен бірге тұрдым, бір бөлмеде жеті адам тұрдық, кейде бізде жарық болмайтын. Адамдар менің қазіргі күйімді көргенде, барлығының қалай келгені жайлы ойламайды да» деп бір сұхбатында Флойд өзінің өмірі жайлы айтқан болатын. Мейуезердың тәтесі есірткіге құмар болып, ЖИТС-тен қайтыс болған. «Мен есірткіге құмар болсам да, ұлым назарымнан тыс қалған емес. Мен есірткі сатсам да, отбасыма пайда әкелдім. Оның киімі жақсы болды, мен оған ақша беріп тұрдым» деп Флойдтың әкесі бір сөзінде айтқан болатын. Бокс Мейуезер үшін, әкесі жоқ кезде қиындықтан шығар жол болды. Ол кезде Мейуезердың әкесі түрмеде жазасын өтеп жатты. Флойд болса мектепті тастап, барлық күшін боксқа салды. «Мен анама қамқорлық таныту үшін не істеу қажеттілігін білдім, мектептің мен үшін сол уақытта маңызды емес екенін, өмір сүру үшін жұдырықтасу шеберлігін үйренуім қажет екенін сездім» деген екен Мейуезер.

Флойд Мейуезер өзінің жеке өмірі жайлы ақпарат таратқанды ұнатпайтын жандардың қатарына жатады. Әсіресе өзінің кәсібі жайлы талқылағанды ұнатпайды. Сәтті кәсіпқой мансаптың иегері Мейуезер бірнеше рет отбасын құрған. Оның 2 әйелінен 4 баласы бар. 2000-шы жылдары «Әдемі жігіт» Флойд өзінің киімдер жүйесін таныстырды. Брендке TMT атауы (The Money Team) берілді. Негізгі шығарылым спорттық киімдерден – әртүрлі жейделер мен басқа да киімдерден тұрды. Онымен қоса, I-Phone құрылғыларына арналған сыртқы қаптамаларға ерекше мән берілді. Бұл брендтегі киімдерді ыңғайлы, қымбат тауарлар құрады. Басқа да жекеленген заттар Sold out тауарлық белгісімен таңбаланды.

Әуесқой мансабы Мейуезер әуесқой рингте 90 жекпе-жек өткізген. Рекорды 84-6. Ол ұлттық марапат «Алтын қолғапты» 1993 (106 фунт), 1994 (114 фунт) және 1996 (125 фунт) жылдары жеңіп алды. Өзінің қорғанысының мықтылығының арқасында, әуесқой бокста жүрген кезінде «Pretty Boy» атанды.

Олимпиада ойындары 1996 Жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. .1/16 финал. Бақтияр Төлегеновты жеңді () RSCI 1 .1/8 финал. Артур Геворкянды жеңді. () PTS (16-3) .1/4 финал. Лоренсо Арагонды жеңді () PTS (12-11) .Жартылай финал. Серафим Тодоровтан ұтылды. () PTS (9-10)

Кәсіпқой мансабы Бірінші жеңіл салмақ Мейуезердің кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуі 1996 жылы 16 қазанда өтті. Флойд өзі сияқты дебютант мексикалық Роберто Аподакты екінші раундта нокаутпен жеңді. Сөйтіп оның кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамы сәтті басталды. Осыдан кейін Мейуезер титулды кездесуге дейін 17 рейтингтік айқас өткізіп көпшілігін нокаутпен жеңген еді.

Әлем чемпионы атағы үшін айқас 1998 жылы 3 қазанда 18-ші кәсіпқой кездесуінде Флойд WBC нұсқасы бойынша бірінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Дженаро «Чиканито» Эрнандесты жеңіп, бокстың супержұлдызы деген атқа ие болды. Айқастан соң басында фаворит саналған Эрнандес Флойд жайлы: «Мен бұлай жеңілем деп ойламадым. Оның жылдамдығына көз ілеспейді, ал техникасы болса өте мықты» деп айтты. Осы жекпе-жектен кейін Мейуезердің промоутері Боб Арум: «Флойд — Мұхаммед Әли, Шугар Рей Робинсонн және Шугар Рей Леонардтардың ізбасары. Ол — бірегей боксшы» деп өзінің таңданысын жасыра алмады.

Анджел Манфредимен айқас 1998 жылдың желтоқсанында Мейуезер Анджело Манфредимен кездесті. 2-ші раундтың соңында ол қарсыласын бұрышқа қамап, соққының астына алды. Біршама соққылар нысанадан қиыс кетіп жатты, алайда рефери айқасты аяқтауға шешім қабылдады. Бұл шешім үлкен дау тудырды. Бірнеше аптадан соң Мейуезерді «Ринг» және «Нокаут» журналдары 1998 жылдың үздік боксшысы деп атады. 1999 жылы ақпанда Мэйуэзер Карлос Альберто Рамон Риосты жеңді.

Джастин Джукомен айқас 1999 жылы Мэйуэзер угандалық Джастин Джукомен кездесті. 9-шы раундта Мейуезер қарсыласын оң жақ кросспен жақтан ұрып, сұлатып түсірді. Джуко 10 санында ғана аяғынан тұрды, алайда тым кеш болатын. Рефери айқасты тоқтатып Мейуезердің жеңісін растады. 1999 жылы қыркүйекте Мейуезер Карлос Херенды жеңді. Ал 2000 жылы наурызда Григорио Варгасты жеңді. 2000 жылы қазанда Мейуезер өтпелі қарсылас Эмануэль Бёртонға қарсы жекпе-жек өткізді. Мейуезер жекпе-жек барысында өзінің басымдығын көрсетті. 9-шы раундтың барысында ол қарсыласын сабаумен болды — оның барлық соққылары нысанаға дөп тиді. Осыны көрген Бёртонның бұрышы ақ орамал тастады.

Диего Корралеспен айқас thumb|right|200px|Флойд Мэйуезер. 2001 жыл 2001 жылы қаңтарда Мейуезер қорғанысы өте мықты Диего Корралеске қарсы айқасқа шықты. Жекпе-жек кезінде Мейуезер қарсыласын 5 рет нокдаунға жіберді. 10-шы раундта 5-ші нокдауннан соң Корралестың бұрышы орамал тастады.

Карлос Эрнандеспен айқас 2001 жылы мамырда Мейуезер Карлос Эрнандеспен кездесті. Мейуезер жекпе-жек барысында өзінің мықтылығын көрсетті. 6-шы раундтың аяғында Мейуезер Эрнандесты оңжақ хукпен басына дәл соққыны тигізді. Соққыны ауырсынған Эрнандес біраз уақыт қимылсыз тұрып қалды. Дегенмен кейінгі раундтарда Эрнандес күш жинап қарсыласына жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде Флойдты солжақ хукпен нокдаунға жіберді. Рефери айқасты уақытша тоқтатып, чемпионге алғашқы нокдаунды есептеді. 12-ші раундта Эрнандес Мейуезерді керме арқан арқылы қыспаққа алды. Сол үшін рефери оның ұпайын алып тастады. Эрнандес жекпе-жек соңында белсенді болса да, бұл белсенділік чемпионды жеңуге көмектесе алмады. 12 раундтың қорытындысы бойынша, қазылар жеңісті бірауыздан Мейуезерге берді.

Хесус Чавеспен айқас 2001 жылы қарашада ол мексикандық Хесус Чавеспен кездесті. 9-шы раундта Чавес бірнеше таза соққыларды жіберіп алды. Жойқын соққылардан есеңгіреген Чавес қайтадан қалпына келе алмады. Осыны байқаған Чавестің бұрышы 9-10-раунд арасындағы үзілісте жекпе-жекті тоқтатты. Жекпе-жектен кейін Мейуезер жеңіл салмаққа көтерілді.

Жеңіл салмақ 2002 жылы Мейуезер жеңіл салмаққа ауысты. Хосе Луис Кастильомен айқас 2002 жылы сәуірде ол WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион Хосе Луис Кастильоға қарсы айқас өткізді. Кастилио жылдамдығы жағынан Мейуезерден асып түсті. Алайда үш қазы да жеңісті Мейуезерге берді. HBO телеарнасының бейресми қазысы Харольд Ледерман ұпай санымен Кастильо жеңді деп шешті. Мұндай шешім үлкен дау тудырғаннан соң, Мейуезер қарсыласына қарымта қайтаруға мүмкіндік берді. 2002 жылы желтоқсанда қарымта кездесуде Мэйуэзер Кастильоны сенімді түрді жеңді. 2003 жылы Мейуезер Викториано Сосаға қарсы айқас өткізді. 12 раунд қорытындысы бойынша қазылар есептегі үлкен айырмамен жеңісті Мейуезерге берді. Қазылардың бағасымен барлығы емес, біршама адамдар ғана келісті.

Филлип Ндумен айқас 2003 жылы қарашада Мейуезер Филлип Ндуға қарсы айқасқа шықты. 7-ші раундта Мейуезер Ндудың басына оңжақ кросспен 3 тура соққы жасады. Жойқын соққының әсерінен есеңгіреген Нду сұлап түсті. Ал Мейуезер 4-ші оңжақ кросспен құлап жатқан қарсыласын ұрған болатын. Сондықтан рефери оны бірден тоқтатты. Нду болса 9 есебінде тұрғанымен, айқасты жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп рефери айқасты тоқтатты. Осы айқастан соң Мейуезер 1-ші жартылай орта салмаққа ауысты.

Екінші жеңіл салмақ Демаркус Корлимен айқас 2004 жылы мамырда Мейуезер Демаркус Корлимен кездесті. 8-ші раундта Мейуезер қарқынды шабуыл ұйымдастырды. Шабуылдың әсерлі болғаны соншалық Корли қашамын деп сүрініп қалады. Рефери болса оған нокдаун есептеді. 10-шы раунд басында Мейуезер қарсылас басына екі бірдей қолымен сәтті шабуыл жасады. Шабуылдың қарқынды әрі қуатты болуының нәтижесінде Корли тағы да тізерледі. Рефери болса 2-ші нокдаунды есептеді. Корли қайта аяққа тұрып, айқастың соңына дейін шыдас берді. Осылайша Мейуезер айқаста сенімді өнер көрсетіп, есептегі үлкен айырмамен жеңіске жетті.

Хенри Брюселеспен айқас 2005 жылы қаңтарда Мейуезер пуэрторикандық Хенри Брюселеске қарсы рингке шықты. Жекпе-жек WBC титулы үшін 1-ші жартылай орта салмақта өтті. Алғашқы 3 раундта Флойд қарсыласын соққылардың астына алып, кейіннен тактиканы өзгертті. Ол айқасты рингтың ортасында өткізіп, қарсыласын нокдаунға жіберу үшін әрекеттер жасай бастады. 8-ші раундтың ортасында Мейуезер жанынан екі соққы жасап, Брюселесты тізерлетсе де, қарсыласы бірден қайта көтеріле алды. Рефери нокдаун есепке алды. Айқас қайта жалғасқан соң Мейуезер бірнеше сериялық соққыларды қарсылас басына өткізді. Содан соң ол қарсыласын арқанға итеріп, тағы бір сериялық соққыларын өткізген соң Брюселес тізерлеуге мәжбүр болды. Сонда да Брюселес аяғынан тұра алды. Рефери нокдаун есепке алып, айқасты қайтадан жалғастырды. Сол кезде рингке пуэрторикандықтың бапкері жақындап, раунд аяғына 5 секунд қалса да, айқасты тоқтатуға кеңес берді. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Артуро Гаттимен айқас 2005 жылы маусымда Мейуезер WBC тұжырымы бойынша бірінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Артуро Гаттиге қарсы рингке шықты. 1-ші раундта Мейуезер Гаттиды шынтақпен ұрып лас ойын көрсете бастады. Гаттидың рефери іс-әрекетін түсінбей тұрған сәтін Мейуезер өте сәтті пайдаланып, Гаттиды нокдаунға жіберді. Ешнәрсені түсінбеген Гатти қиындықсыз көтеріліп, Мейуезердың іс-әрекеті мен реферидың қимылсыздығына таңырқады. Реферидың бұл әрекетсіздігі түсініксіз әрі әділетсіз болатын. Соған қарамастан рефери ешнәрсе жасамастан нокдаун есепке алып айқасты жалғастырды. Мейуезер басқа раундтарда үлкен басымдық танытты. 6-шы раундтан соң Гаттидың бұрышы айқасты жалғастырудан бас тартты. Осыдан соң Мейуезер жартылай орта салмаққа көтерілді.Флойд Мэйуэзер жеңді Мықтылар айқасыПресс-конференция Мэйуэзермен Гатти Әділетсіз шешім Мэйуэзер-Гатти Флойд Мэйуэзер жеңді Флойд Мэйуэзердың жеңісі расталды Айдың оқиғасы.

Жартылай орта салмақ Шармба Митчеллмен айқас