Молдажан Жадайұлы (1879, Ақмола облысы Еңбекшілдер немесе Егіндікөл ауданы – 1958, сонда) – халық ақыны. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701 1916 жылы патша жарлығына наразылығын білдіріп, Ерейментау өңірінде болған көтеріліске қатысқан. “1916 жыл оқиғасы” поэмасында осы ұлт-азаттық көтеріліс шынайы суреттелген. Оның “Бөгембай батыр”, “Сабалақ”, “Олжабай батыр” дастандары қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресіне арналған. Молдажан шығармалары ҚР ҰұА орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы. Дереккөздер

Санат:Тұлғалар