Байер 04 () — Германияның Леверкузен қаласының футбол клубы. 1 шілде 1904 жылы Bayer фармацефтикалық компаниясының қолдауымен құрылды. Германияның ең жоғарғы дивизионында, Бундеслигада өнер көрсетеді. "Бай-Арена" стадионында қарсыластарымен футбол ойнайды, бұл стадион 30 210 адамды сыйғыза алады.
2001/02 жылғы маусымда "Ливерпуль", "Манчестер Юнайтед" секілді клубтарды ұтып, УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты да, "Реал Мадридтен" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сол маусымда Германия чемпионатында да клуб екінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ Германия кубогында да финалда сүрінді. Бір қызығы, сол жылғы әлем чемпионатына "Байер" сапынан Михаэль Баллак, Ханс-Йорг Бутт, Карстен Рамелов, Бернд Шнайдер, Оливер Нойвилль секілді футболшылар қатысып, олар да (Германия құрамасы) финалда сүрінді.
Жетістіктері
Ұлттық
Германия чемпионы: Вице-чемпион (5): 1996/97, 1998/99, 1999/00, 2001/02, 2010/11 Германия кубогы: Жеңімпаз : 1992/93 Финалист (2): 2001/02, 2008/09 Суперкубок: Финалист (1): 1993
Халықаралық
УЕФА Чемпиондар лигасы: Финалист (1): 2001/02 УЕФА кубогы Жеңімпаз (1): 1987/88
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты
Санат:Германия футбол клубтары Санат:1904 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Байер ФК