Джек Блэк () атымен белгілі кіші Томас Джейкоб Блэк (; 28 тамыз 1969, Редондо-Бич, Калифорния) — америкалық актёр және әнші, «Tenacious D» рок-тобының мүшесі, Алтын глобус (2004, 2013) жүлдесінің номинанты атанған.
Өмірдерек Блэк Калифорнияда екі инженерлердің отбасында дүниеге келген: Джудит және Томас Вильям Блэк. Оның анасы — еврей, ал әкесі — шотландық. Джек 10 жасында болғанда ата-анасы ажырасып, әкесімен Калвер-Ситиге көшіп кетеді. Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде оқып, Францияға көшеді.
Мансап Блэк Кайл Гэсспен 1994 жылы «Tenacious D» дуэтын құрайды. Бұл топ әлі күнге дейін танымал болып келеді. Блэк электрогитарада ойнайды. Атақта америкалық актер Джон Кьюсак «Tenacious D» тобының үлкен жанкүйері болып, Блэкті «Жанкүйер» фильмінде түсуге шақырады.
1989 жылы Тима Роббинстің «Carnage» қойылымында ең бірінші рет бас рөлге ие болады. 1990 жылдары көптеген фильмдерде түсіп, 1994 жылы «Солтүстік жақ» хикаясынан көрінеді. Кейін «Saturday Night Live», «Primetime Glick», «The Osbournes» сияқты телебағдарламаларға қатысады. 2003 жылы Ричард Линклэйтердің «Рок мектебі» комедиясында түсіп, көптеген жетістіктерге жетеді. Осы фильмнің арқасында дүниежүзіне танымал атанады.
Жеке өмірі Блэктің Тана Хейден атты әйелі және екі баласы бар.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:АҚШ рок музыканттары