Бернар де Монфокон () — француз филологы және тарихшы, мавршылар (Батыс Еуропадағы орта ғасырлық колжазбаларды жинап, бастаушылар) конгрегациясының мүшесі. Жазбалар академиясының мүшесі (1719 ж.).

Монфокон грек палеографиясының ғылымдық негізін қалады; сол кезде белгілі қолжазбалар коллекциясын бірінші көрсеткішін жасады. Афанасий Александрийский (шіркеу қайраткері, дінді уағыздаушы, 328 жылдан Александрия епископы) мен Иоанн Златоустың (398 жылдан Константинополь патриархы, шығыс-христиан шіркеуінің көрнекті идеологы) шығырмаларын бастырды. Тарих, археология жөніндегі көп томдық еңбектің авторы.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Шығармалары Analecta graeca, sive varia opuscula graeca inedita (Париж, 1688) S. Athanasii opera omnia (Париж, 1698) Diarium italicum (Париж, 1702) Bibliotheca Coisliniana (Париж, 1705) Collectio nova patrum graecorum (1706) Palaeographia Graeca, sive, De ortu et progressu literarum graecarum (Париж, 1708) Bibliotheca Coisliniana, olim Segueriana (Париж, 1715) L’antiquité expliquée et representée en figures (т. 1-15, Париж, 1719—1724) Les monuments de la monarchie française (т. 1-5, Париж, 1729—1733) Sancti patris nostri Ioannis Chrisostomi opera omnia (Париж, 1718—1738; новое доп. изд. 1735—1740) Bibliotheca bibliothecarum manuscriptorum nova (т. 1-2, Париж, 1739)

Дереккөздер

Санат:Франция ғалымдары