Сарқан – Балқаш көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысының Сарқан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 км. Су жиналатын алабы 704 км2.

Бастауы Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 3400 м мұздықтан басталып, Көкжайдақ ауылы тұсында Ақсу өзеніне кұяды.

Гидрологиясы Аңғарының ені 300 - 500, кейде 1500 м-ге дейін жетеді. Арнасы қиыршықтасты, жиегі түйетайлы, биіктігі 3,5 - 4 м. Мұздық (35 - 40%), жауын-шашын (10 - 45%), жер асты (45 - 50%) суларымен толысады. Мамыр айында тасып, су деңгейі 2 м-ге дейін көтеріледі. Өзен бойында Сарқан қаласынан төмен 10 канал салынған. Өзен суы егін суғаруға, шаруашылық мұктаждықтарына пайдаланылады.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы