«Айнтрахт» Франкфурт () — неміс футбол клубы. Майндағы Франкфуртта орналасқан. Бундеслигада өнер көрсетеді.

Тарихы 1899 жылы 8 наурызда Франкфурт-на-Майне жерінде Frankfurter Fußball-Club Victoria von 1899 және Frankfurter Fußball-Club Kickers von 1899 футбол клубтары құрылды. 1911 Kickers және Victoria командаларының қосылуының нәтижесінде Frankfurter Fußballverein (Kickers-Victoria) von 1899 футбол клубы құрылды.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде клуб өзінің жұмысын уақытша тоқтатты. Соғыстан келгеннен соң Kickers-Victoria футболшылары клубты жаңартып, Frankfurter Turngemeinde клубымен қосылудың нәтижесінде - Turn- und Sportgemeinde Eintracht Frankfurt von 1861 клубы құрылады. Бірақ ол көпке созылмайды.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қайта жандандырылған SG Eintracht 1946 клубы Гессен Кубогын жеңеді. Ал 1959 жылы "Айнтрахт" өз тарихында алғашқы және соңғы рет Германия чемпионы атанады.

1960 жылы "Айнтрахт" клубы Чемпиондар Кубогының финалисті атанған Германиядағы алғашқы клуб болды. Финалда мадридтік Реалға 3-7 есебімен жеңіліс табады.

1968 жылы клуб өз атауын өзгертіп, Eintracht Frankfurt e.V. атанады.

1974 және 1975 жылдары "Айнтрахт" клубы екі рет Германия Кубогының иегері атанады.

1978 жылы Фридель Рауш жетекшілігімен УЕФА Кубогының жеңіп алады. 1981 және 1988¤жылдары клуб ГФР Кубогын екі мәрте жеңеді.

1994 жылдан бастап клубтың жағдайы нашарлап, тіпті екінші дивизионға түсіп қалады. 2004 жылы клубты Фридхельм Функель басқарады да бір жыл ішінде клубты бірінші Бундеслигаға қайтарады.

Жетістіктері

Ұлттық Германия Чемпионаты Жеңімпаз: 1959 Финалист: 1932 Германия Кубогы Жеңімпаз: 1974, 1975, 1981, 1988, 2018 Финалист: 1964, 2006, 2017, 2023

Халықаралық УЕФА Кубогы / УЕФА Еуропа Лигасы Жеңімпаз: 1980, 2022 Интертото Кубогы Жеңімпаз: 1967 Еуропа Чемпиондар Кубогы Финалист: 1960

Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты Клуб жанкүйерлерінің сайты

Санат:Германия футбол клубтары Санат:1899 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Интертото кубогының жеңімпаз клубтары