Колывань жотасы - Алтайдың солтүстік-батысындағы таулы жота.

Географиялық орны Ресейдің Алтай өлкесінде. Ұзындығы 100 км шамасында.

Жер бедері Шығыс бөлігінің орташа биіктігі 600-800 м, батысында 400-500 м; ең биік жері Көкше тауы 1206 м. Тау басы күмбез тәрізді, беткейлері көлбеу келеді.

Геологиялық құрылымы Колывань жотасы тақтатас, гранит және туфтан түзілген. Полиметалл кен орны бар; яшма, порфирит, кварцит кездеседі.

Өсімдігі Солтүстік-шығыс беткейінде май қарағай, қарағайлы орман батыс жағында бұталы шалғын мен селеулі далаға ұласады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Ресей таулары