Колыма ойпаты - Якутияның солтүстік бөлігіндегі ойпатты жазық, Алазея, Үлкен Чукочья өзендері алаптарын және Колыма өзенінің төменгі ағысының сол жағалауын алып жатыр.

Ұзындығы 750 мың км, биіктігі 100 м. Көл-өзен саздақтарынан (қалыңдығы 120 метрдей) түзілген. Тоңды-термокарстылы және көлді-батпақты келеді. Оңтүстік бөлігінде балқарағайлы селдір орман өседі, солтүстігі - бұталы-шөптесінді тундра. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Ойпаттар Санат:Ресей географиясы