Халықаралық қаржы-өнеркәсіп тобы - үкіметаралық келісімдер негізінде құрылған ұлтаралық қаржы-өнеркәсіп тобы. Оның құрылуы, кызмет етуі, таратылу ерекшеліктерімен үкіметаралық келісіммен белгіленеді. Халықаралық қаржы-өнеркәсіп тобына қатысушылар үшін ұлттық режим аталмыш келісім кезінде өзара түсініктік негізінде белгіленеді. Оған қатысушыларға ел үкіметі белгілеген тәртіппен және шарттар негізінде осы қаржы-өнеркәсіп тобының қызметі шеңберінде шекарадан өткізілетін тауарлар бойынша кедендік тариф жеңілдіктері берілуі мүмкін. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Халықаралық қаржы-өнеркәсіп тобы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.