Капитан Америка: Қысқы жауынгер () — Marvel Comics комиксіндегі Капитан Америка атты кейіпкер туралы режиссер ағайынды Руссолардың суперқаһармандар туралы шытырмыан оқиғалы фильмі. Marvel Studios компаниясының өнімі болып табылады. Фильмнің дистрибьюциясымен Walt Disney Studios Motion Pictures айналысты. Басты рөлді,"Капитан Американы" актер Крис Эванс сомдады. Сонымен қатар фильмге Скарлетт Йоханссон, Сэмюэл Л. Джексон, Роберт Редфорд, Себастиан Стэн, Энтони Маки, Коби Смолдерс, Фрэнк Грилло және Эмили Ванкэмп түсті. Фильмнің АҚШ-дағы тұсаукесері 13 наурыз 2014, ал Қазақстанда — 3 сәуір 2014 өтті.Captain America: The Winter Soldier (2014) — Release dates

Қысқаша суреттеме Кек алушылар командасының жойқын шайқасынан кейін, Стив Роджерс қазіргі өмірге бейімделуге тырысады. S.H.I.E.L.D. (ҚАЛҚАН) агенттігіндегі әріптесіне көмектеспек болған Капитан Америка жаһандық ауқымдағы апаттың қаупін туғызған оқиғалардың ортасында қалады. Жауға қарсы тұру үшін ол Қара жесірмен және жаңадан пайда болған Қыран есімді қаһарманмен күш біріктіреді.Киностан порталы Қысқы жауынгер бұл Стив Роджерстің бала кезіндегі досы. Қысқы жауынгердің ақыл есін бағдарламалап оны Капитан Америкаға қарсы күреске қолданады.

Дереккөздер

Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері