Оймауыт — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан ортығы – Қарауылкелді ауылынан оңтүстікке қарай 210 км жерде, Шерғала қырқасының оңтүстік-батысында қуаң далада орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1102 адам (576 ер адам және 526 әйел адам) болса, 2009 жылы 723 адамды (387 ер адам және 336 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 764 адамды (407 ер адам және 357 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1963 жылы осы өңірде қой шаруашылығын дамытуға байланысты қаланған. 1963 –1996 жылдары өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Оймауытта және округке қарасты Бесбай, Дияр, Миялы, Шөптікөл ауылдарында ЖШС пен бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы елді мекендері