Мұқаметханов Қайым (шын аты Ғабдұлқайым) (5 қаңтар 1916, Семей қаласы – 2004) — қазақ совет драматургы. Филология ғылым кандидаты (1950), доцент Н. К. Крупская атынд Семей педогогиқалық институтын бітіріп (1940), сонда мұғалім болып істеді. 1942–1947 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, 1947–1951 жылдары Семей қаласындағы Абай музейінің диреторы. 1951 жылдан бастап Семей пед. институтында оқытушы болып келеді. «Абай шығармаларының текстологиясы» (1959) атты ғылыми-зерттеу еңбегімен қатар «Перне» (1944), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғабасов» (1960), «Ер Білісай» (1973) атты пьесалары бар. М. - Қаз ССР-інің мемлекеттік гимнінің текстін жазушылардың бірі. Ол аударма жұмысымен де шұғылданып келеді. У. Гаджибековтің «Аршин мал алан», Ш. Камалдың «Хажы Әфәнді үйленді» пьесаларын қазақ тіліне айдарған.Қазақ совет энциклопедиясы, 1976 жыл – М.Қ. Қаратаев
Дереккөздер