Тенеке – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 600 км2.

Бастауы Қоянды тауының оңтүстік-батысынан басталып, Шолақсор көліне құяды.

Гидрологиясы Арнасы көбіне жарлы. Қар суымен толығады. Көктемде су деңгейі біраз көтеріледі, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Орташа жылдық су ағымы 0,30 м3/с. Суы мал суаруға пайдаланылады. Алабы мал жайылымы. Тенекеге жалпы ұзындығы 87 км болатын 31 ұсақ өзендер мен жылғалар құяды.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы өзендері‎ Санат:Ертіс су алабы