Қарашоқы – Күршім жотасының орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарытау ауылының шығысында 28 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2238 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км шамасында.

Геологиялық құрылымы Тау девон кезеңінің туфынан және эффузивтік жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Беткейі тіке жарқабақты шатқалдармен тар өзен аңғарларымен тілімденген. Оңтүстік беткейінен бастау алатын өзен салалары Марқакөл көліне құяды.

Өсімдігі Тау етегінде далаға тән өсімдіктер мен жалпақ жапырақты орман қалыптасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары