Гленн Куинн (ағыл. Glenn Martin Christopher Francis Quinn, 28 мамыр 1970, Дублин, Ирландия — 3 желтоқсан 2002, Лос-Анджелес, АҚШ) — ирландық ата-тегі бар американдық актер.
Жастық шағы Гленн Куинн 1970 жылы 28 мамыр күні Дублин, Ирландияда өмірге келді. 17 жасқа дейін Дублинда тұратын. Мектепте оқып жүрген кезде, соқпалы музыкалық аспапта ойнап қойылымдарға белсене қатысатын. 1988 жылы анасы және екі апайымен АҚШ-қа көшіп кеткен. Басында ақша таба алмай, кафелерда официант болып жұмыс істеп жүретін, бірақ кейін актерлік мансабын жалғастыра алды. Әлемге көбінесе "Ковингтон Кросс", "Розанна", "Ангел", «Fair City», «Dr. Giggles», «Shout» фильмдер мен сериалдардағы рөлдерімен әйгілі.
Мансап Куинн Pepsi мен Ray-Ban шағын видео-ролик істеген, Ричард Марктың "Қанағаттанған" клипінде түскен.
1991 жылы Куинн өзінің мансабындағы алғашқы басты рөлге Shout кинофильміне шақырылған. Осы кинода әйгілі Джон Траволта, Гвинет Пэлтроу сияқты актерлер ойнаған. 1992 жылы Англиядағы Covington Cross сериалында Куинн кенже ұлы Седриктік рөлін иеленген. Осы сериалда түсіп жүрген кезде Куинн аттан құлап арқа жарақатын алды. 1997 жылы қорқыныш фильм Anthology Film Campfire Tales-та екі рөлде ойнаған. 1999 жылы " Ангел" телесериалында Фрэнсис Дойлдың рөлін ойнаған.
Жеке өмірі Лос-Анджелесте "Goldfingers" клубының бір қожасы болатын. Сол иығында арфаның бейнесінің, ал оң иығында Erin Go Bragh сөздің татуировкасы болатын.
Өлімі Гленн Куинн 2002 жылы 3 желтоқсан күні 32 жасында героинмен уланып қайтыс болған.