Клин Дмитров қырқасы- Смоленск-Мәскеу қыратының шығыс бөлігі, көп жері Мәскеу облысының солтүстігінде ұзындығы 200 км, ені 25-55 км. Биіктігі 285м-дей. Бор дәуірінің құмды-сазды жыныстарынан түзілген негізін антропогеннің мореналары мен саздақтары жапқан. Өзен аңғарларымен (Клязьманың және Волганың жоғарғы ағысындағы салаларымен) тілімделген. Қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты орман өседі. Қырқаны Мәскеу атындағы канал кесіп өтеді. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 476 бет
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Клин Дмитров қырқасы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.