Қарашоқы – Жақсыбұталы тауының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауылының шығысында 48 км жерде орналасқан. Жер бедері Абсолюттік биіктігі 309 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейлері жонды-белесті төбелерден тұрады. Солтүстік-батысында Қабырғатау қонысы, оңтүстік-батысында Қарақолданы, оңтүстігінде Ақшат таулары орналасқан.
Өсімдігі Құмайтты сұр, сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, жантақ, тобылғы аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары