Пуненко Андрей Алексеевич (16 мамыр 1918 жыл, Омбы облысы Называевский ауданы Виденькино селосы – 25 қаңтар 1995 жылы, Петропавл қаласы) – соғыс ардагері, «Даңқ» орденінің толық иегері.

Өмірбаяны 1936 жылы отбасымен Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының (қазіргі М. Жұмабаев ауданы) «Политотдел» ұжымшарына көшіп келген. 1938-1940 жылдары кавалерия полкінде қызмет еткен соң «Политотдел» ұжымшарында жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысының майданына 1941 жылы 15 шілдеде алынған. Солтүстік майданның 314-атқыштар дивизиясының құрамында ұрыстарға, Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысқан. Соғыстан кейін Петропавл қаласына келіп, т.б. бөлімшесінің тәрбиешісі 1962 жылы Петропавл нан комбинатының наубайхана меңгерушісі болды. Ордендермен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:16 мамырда туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:25 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1995 жылы қайтыс болғандар Санат:Петропавлда қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері