Ханибұш (африкаансша: Heuningbos, ағылшынша: Honeybush, ғылыми атауы Cyclopia spp.; Тегі: Fabaceae) - шай тәрізі қолданатын өсімдік. Бұл Оңтүстік Африканың тек солтүстік-батыстағы Батыс Кейп деген жеріндегі Лаңклоф деген шағын аймағында өседі де ройбұш сипаттарымен біраз үйлесімді.

Ханибұш атауы (ағылшынша: honey - бал, bush - бұта) шешектері бал тәрізді хош иісті болғаннан туған.

Табиғатта шамамен 23 түрі табылады, бірақ шаруашылықта негізінде 4 түрі пайдаланылады. Бұнда Cyclopia intermedia (африкаансша: berg tee - тау шайы), C. subternata (африкаансша: vlei tee - шалшық шайы), C. genistoides (африкаансша: kus tee - жағалық шай) және C. sessiliflora (африкаансша: Heidelberg tee - Һайделберг шайы, Оңтүстік Африкадағы таулы жердегі бір қаланың атындағы) деген түрлері бар.

Ханибұшты шайға пысықтаудын екі әдісі бар: Дәстүрлі әдісте, бұта жапырақтары жиыналады, кесіледі және жаншылады (ылғи шүбіршектермен), сосың күнге сүрленуге қалдырылады. Заманауи, өнеркәсіп әдісте, жапырақтар айналып және 70-80 градуске дейін қыздырлып тұрған күбішелерде 2-3 күні бойы сүрленеді. Үдеріс аяғында ауамен салқындатылады.

Біткеннен соң, жапырақтар електен өтізіледі де қолданба бойынша сұрыпталынады: Жоғары сапалы (көбінесе жібі мен құлағы бар шай қалташаларында қолданылады) Орта сапалы (көбінесе қалқымалы шай қалташаларында не қарапайым шай қайнатымында қолданылады) Қатқылды (көбінесе қарапайым шай қайнатымында қолданылады)

Ханибұш жапырақтарында кофеин (< 0.01 %) жоқ деп ауани есептеледі және де таннин (0.45%) де аз болады. Ханибұш құрамындағы бар кейбір биологиялық белсенді заттар төменде тізімделінеді: Изофлавондар Флавондар Даршин қышқылдары Коуместандар Ксантондар

Тағы қараңыз Ройбұш

Сыртқы сілтемелер Honeybush by Subhuti Dharmananda, Ph.D., Director, Institute for Traditional Medicine, Portland, Oregon Honeybush by Liesl van der Walt, South African National Biodiversity Institute

Санат:Бұршақтар тұқымдасы Санат:Шай